Синоптиктер 6-8 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, алдағы үш тәулікте Қазақстанның басым бөлігі атмосфералық қысым ықпалында болады, осыған байланысты ашық, аяз, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі. Тек республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында атмосфералық фронттар әсерінен қар жауып, тұман түсіп, оңтүстікте көктайғақ күтіледі.
"Температуралық фонның күрт өзгеруі күтілмейді. 6 желтоқсанға қараған түнде Қарағанды облысында, 7-8 желтоқсанда Шығыс Қазақстан облысында 35 градусқа дейін аяз болады", - делінген хабарламада.