Фото: elements.envato.com
Синоптиктер 6-8 шілде аралығынла ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, алдағы мереке күндері республика аумағының басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Соған байланысты жаңбыр жауып, найзағай ойнап, екпінді жел соғады.
6-7 шілдеде еліміздің орталығы мен оңтүстік-шығысында қатты жаңбыр күтіледі, сондай-ақ солтүстік және шығыс аймақтарда күндіз бұршақ жаууы мүмкін. Еліміздің батысында ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
Батыста, оңтүстікте күндізгі температура +33+42°С-қа дейін біртіндеп жоғарылайды деп болжанып отыр, ал еліміздің қалған бөлігінде, яғни солтүстік-батыста және орталықта ауа температурасы +22+ 35°С дейін, солтүстікте +23+30°С дейін, шығыста және оңтүстік-шығыста +20+30°С дейін төмендейді деп күтілуде.