19 қар, 2025 сағат 12:39

Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады


Фото: Ашық дереккөзден
Алдағы күндері Қазақстанның басым бөлігінде ауа райы тұрақсыз болады. Бұл туралы Қазгидрометке сілтеме жасап Ult.kz хабарлайды.

Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын күтіледі, ал солтүстік, орталық және шығыс өңірлерде төменгі қарлы боран мен көктайғақ байқалады. Тек еліміздің оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, сондай-ақ 22 қарашада батыс пен солтүстік-шығыста антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанады.

Республика бойынша желдің күшеюі және тұман күтіледі.

Температуралық фонда айтарлықтай өзгерістер болжанбайды.