Фото: elements.envato.com
Синоптиктер Қазақстанда 26-28 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Болжам бойынша, таяу күндері республиканың солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында солтүстік циклон ықпалымен тұрақсыз ауа райы сақталады, онда найзағай ойнап, екпінді жел соғады. Тек Қазақстанның батысында солтүстік-батыс антициклон ықпалымен ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтіледі.
"Түнде және таңертең республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысының таулы аймақтарында тұман күтіледі. Елдің шығысында түнде 1-3 градусқа дейін аяз сақталады. Температураның айтарлықтай өзгеруі күтілмейді", - делінген хабарламада.