Фото: pixabay.com
Қазгидромет синоптиктері 24-26 қаңтарға арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Метеорологтар мәліметінше, солтүстік-батыс кең антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ашық ауа райы сақталады.
"Тек республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуімен қар жауып, жел күшейеді. Оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарда тұман күтіледі", - делінген хабарламада.