01 қар, 2023 сағат 12:55

Алдағы күндерге арналған ауа-райы болжамы

Фото: pexels.com

Синоптиктер Қазақстанда 2-4 қараша күндері ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Метеорологтар болжамынша, барикалық алқаптардың тез өзгеруі республиканың солтүстік жартысында ауа-райының тұрақсыз сипатын сақтайды. Жаңбыр мен қар түріндегі жауын-шашын, көктайғақ және желдің күшеюі күтіледі. Температура көрсеткіштері түнде 3-10 градус жылыдан 5 градус аяз - 3 градус жылыға дейін, күндіз 10-18 градус жылыдан 0-8 градус жылыға дейін төмендейді.

"Республиканың оңтүстік жартысында кеңауқымды антициклон әсерінен ауа-райы негізінен жауын-шашынсыз болады. Түнде ауа температурасы 3 градус аяз - 5 жылы, күндіз 10-17 градус жылыдан 15-20 градус жылыға дейін жоғарылайды. Республика бойынша түнгі және таңғы уақытта тұман болады деп болжанып отыр" - делінген хабарламада.