Қазақстан әлемнің 12 елімен архив мәліметтерін алмасу туралы келісімге қол жеткізді. Бұл туралы Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласына орай пікір білдірген ҚР Ұлттық архивінің директоры Жангелді Мақашев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
«Шетелдік архивтердегі Қазақстанға қатысты материалдарды елге жеткізуіміз қажет. Дегенмен, бұл жұмыс басталып та кеткен болатын. 2007 жылы «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында алыс және шақын шет елдерден қазақ тарихына қатысты біраз мәлімет жеткізілген-ді. Оның ішінде Түркиядан 16 ғасырдағы Қайып хан мен Осман ипериясының сұлтаны ІІІ Ахмет арасындағы қарым-қатынастарға қатысты құжаттар алынды. Ресейден, Өзбекстаннан, Мысырдан және тағы да басқа елдерден көптенген құжаттар әкелінді», - деді ол.
Жангелді Мақашевтің сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстан 12 елмен архив құжаттарын алмасу туралы келісімге қол жеткізген және Ұлттық архив бұл бағытта жан-жақты жұмыс жүргізіп жатыр.
«Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласынан кейін ең алдымен өзіміздегі, шетелдегі қазаққа қатысты деректерді жинақтауға кірісуіміз қажет. Одан кейін арнайы топ құрып, сол материалдарды зерделеуіміз, цифрлық фарматқа көшіруіміз керек. Азаматтарымыз үйінде отырып-ақ өзіне қажетті мәліметтерді ала алуы тиіс. Алдағы 7 жылдың ішінде барлық архивтерді цифрлық форматқа көшіріп, орталықтандыратын боламыз», - деді Ұлттық архив басшысы.