Фото: depositphotos.com
Алматы облысы, Алатау қаласындағы "Энергетик" саяжай қоғамының тұрғыны үйінен бауырмен жорғалаушыларды байқап, бірден 112 пультіне хабарлаған, деп жазады Ult.kz.
Оқиға орнына жедел жеткен құтқарушылар арнайы құралдардың көмегімен екі жыланды ұстап алып, оларды елді мекеннен алыс, қауіпсіз жерге жіберді.
Төтенше жағдайлар министрлігі азаматтарға жылан кездескен жағдайда сабыр сақтап, орын-жайдан шығып, жануарды құлыптап, құтқару қызметін шақыруды ұсынады. Маман емес адамдардың жыланды өздігінен ұстауға тырысуы ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін екені ескертілді.