10 шіл, 2025 сағат 17:09

Алатау қаласында 73 млрд теңгеге көлік-логистикалық орталық бой көтереді

Фото: Gov.kz

Облыс әкімінің орынбасары Рустам Исатаев Алатау қаласының даму жоспарларымен таныстырып, жыл соңына дейін жүзеге асатын екі ірі жоба жайында айтты, деп хабарлайды Ult.kz.

Биыл қаланың индустриялық паркінің екінші кезеңі іске қосылады, оның аясында қосымша 20 мың шаршы метр қойма салу көзделген. Жобаның жалпы инвестиция көлемі – 10 млрд теңге.

Сонымен қатар құны 73,3 млрд теңгені құрайтын заманауи көлік-логистикалық орталықтың құрылысы басталмақ. 

«Алатауда Шэньчжэнь үлгісіндегі арнайы экономикалық аймақ құрылған. Инвесторларға дайын инфрақұрылым, салықтық және әкімшілік жеңілдіктер ұсынылады. Сонымен бірге халықаралық нарықтарға тікелей шығу мүмкіндігі бар», – деді Рустам Исатаев.