02 қыр, 2025 сағат 16:46

«Alatau City» қаласына арнайы мәртебе беріледі


Фото: Ақорда


Президент «Alatau City» қаласына арнайы мәртебе берілетінін мәлімдеді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады. 


Сонымен қатар Мемлекет басшысы Си Цзиньпинмен кездесу кезінде атом саласындағы ынтымақтастықты егжей-тегжей талқылағанын және Транскаспий халықаралық көлік бағдары арқылы жүк тасымалын алдағы уақытта 10 миллион тоннаға жеткізуді көздеп отырғанын атап өтті.


Айта кетелік Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың және ҚХР Мемлекеттік кеңесінің бірінші вице-премьері, ҚКП ОК Саяси бюросы Тұрақты комитетінің мүшесі Дин Сюэсяннің қатысуымен Қазақ-қытай іскерлік кеңесінің 8-ші отырысы басталған еді.