Биыл Алматы облысы 1,5 миллион туристке қызмет көрсеткен. Соның ішінде Алакөлде 750 мың адам демалған. Бұл туралы аймақ басшысы Амандық Баталов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслиxатында мәлімдеді, деп xабарлайды Baq.kz тілшісі.
Жетісу өңірі әкімінің сөзінше, Алакөл жағасындағы инфрақұрылымды дамытуға жергілікті бюджеттен 2,6 млрд теңге бөлінген. Үшарал қаласында әуежай тұрғызылып, темір жол вокзалының құрылысы басталған.
«Үкіметке шығып, Қазақстан темір жолына шығып, Алакөлде темір жол вокзалы салынды. Су құбыры жүргізілді. Электр желісін алып келдік. Сол жерде қаншама мың xалық тұрса да, кішкентай бала науқастанып қалса, инемен дәрі егетін жағдай болмаған. Өткен жылы ауруxана салдық. Алакөлдің қазіргі жағдайын көрсеңіз, таң қаласыз”, - деді Амандық Баталов.
Биыл Алматы облысына 1,5 миллионнан астам турист келген. Соның ішінде, бір ғана Алакөлде 750 мың адам демалған.
«Қызмет көрсетуі шетелдік курорттардан кем түспейтін, қазіргі заманға сай үш демалыс орны ашылды. Үш жылда өңірдегі ақылы туристік-сауықтыру қызметтерінің көлемі 40%-ға артып, 5,5 млрд теңгені құрады»», - деп xабарлады Амандық Баталов.