30 мау, 2025 сағат 09:21

Алакөл алдағы уақытта Түркия мен Мысырдың жағажайы сияқты болады

Фото: Абай облысы әкімдігі

Абай облысының әкімі Берік Уәлиге Алакөлді дамытуға арналған жаңа Бас жоспардың тұжырымдамасы таныстырылды, деп хабарлайды Ult.kz.

Осыдан кейін өңір басшысы қайыққа отырып, көлді аралап шықты.

«Алакөлге келетін туристердің саны жыл сайын артып келеді. Көл маңындағы инфрақұрылымды дамытып, жағажай аумағын кеңейту арқылы туристерге қолайлы жағдай жасауымыз қажет. Бас жоспарды әлемдік стандарттарды негізге ала отырып әзірлейміз», - деді өңір басшысы.


Осы мақсатта жобаны тезірек іске асыру үшін отандық және шетелдік инвесторлар тартылмақ.