ҚР ұлттық банкінің төрағасы Данияр Ақышев АҚШ-тың Ресейге қарсы санкцияларынан кейін Қазақстанның валюта нарығында ахуал қандай екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ақышев осы жылдың бірінші тоқсанында валюта нарығындағы ахуал тұрақты болғанын атап өтті.
"2018 жылдың бірінші тоқсанда ұлттық валютаның бағамын айқындайтын белгілі факторлар оңтайлы қалыпасты. Қаңтар-наурызда теңге 1 АҚШ доллары үшін 318,31-330,29 теңге аралығында өзгерді. Жыл басынан бері 4,2 пайызға, 318,31 теңгеге дейін нығайды. Сәуірдің басында Ресейдегі қор нарықтарының құлдырау нәтижесінде Ресей рублінің әлсіреуі аясында теңге бағамы құбылды. Бұл ретте жақсы макроэкономкалық көрсеткіштерді ескере отырып, қазіргі кезде валюта нарығындағы ахуал тұрақтанды. Жалпы алғанда Ресейдегі оқиғаларға реакцияны біз қысқа мерзімді қалыпты деп бағалаймыз", — деді ұлттық банк басшысы үкімет отырысында.
Оның ақпаратынша, Ұлттық банктің алтын-валюта резервтері алдын ала деректер бойынша наурыздың соңында 31,1 миллиард АҚШ долларын құрады. Жыл басынан бері өсім 1,1 пайыз болды. Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтері наурыз айының соңында 59,3 миллиард доллар болып бағаланды.