09 шіл, 2024 сағат 17:33

Ақылы жолдар тарифі тағы қымбаттайды – көлік министрі


© Sputnik / Абзал Калиев


Көлік министрі Марат Қарабаев ақылы жолдардың бағасын 20 процентке көтеру жоспарын түсіндірді, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Sputnik Қазақстан-ке сілтеме жасап.


Министрдің айтуынша, әрбір жолдың ақысы түрлі деңгейде көтеріледі. Себебі ең арзан ақылы жолдар – Қазақстанда: бір шақырымы – 1 теңге. Ал ақыны көтергеннен кейін 1 теңге 25 тиын болады.


"Мәселен, "Астана-Бурабай" жолының ақысы қазір 220 теңгені құрайды. Негізі, кем дегенде 400 теңге болуы керек. "Алматы-Қарағанды" жолын әлі іске қосқан жоқ. Бірақ пайдалануға берілгенде бір шақырымы үшін 1 теңге болмайды, ол анық айта аламын, шамамен, 3 теңге болады. Біз осы мәселені талқылап жатырмыз", - деді Қарабаев үкіметте өткен брифингте.


Оның айтуынша, көрші елдерде ақылы жолдың бағасы 7 есе, тіпті, 15-20 есеге қымбат.


"Біздің жүк көліктеріміз ол жаққа барғанда 7 есе қымбат төлейді. Ал олардың көліктері бізде 7 есе арзан бағамен жүреді. Әділетсіз емес қой. Біз – транзиттік елміз, сол себепті транзитпен өтетін көліктер көп. Ал отандық көлік жүргізушілері үшін 15 процентке дейін жеңілдіктер қарастырылған. Жолдың бойында тұратын халық абоненттік төлеммен жүреді", - деп атап көрсетті Қарабаев.