Фото: ашық дереккөз
Актриса Әлия Әнуарбек жеке өміріндегі қуанышты жаңалығын бөлісті, деп хабарлайды Ult.kz.
Өнер иесі "MOM’sкий әңгіме" подкастында қонақ болып, жақында сырғалым атанғанын қуана хабарлады.
«Соңғы бес жылда сенде жаңа жұмыс, жаңа фильм, бас кейіпкер рөлі және жаңа өмір кезеңі басталды. Түсірілім кезінде сырға салу рәсімі өтті. Сол кезде біз "Әлияға сырға салып жатыр" деп жар салған едік. Кейін бұл шынайы өмірде де орындалды. Естуімізше, ол саған ұсыныс жасаған екен», — деп сұрады жүргізуші актрисадан.
«Иә, ол маған ұсыныс жасады. Енді мен қалыңдықпын», — деп растады Әлия Әнуарбек.
Алайда ұсыныс жасаған ер адамның кім екені айтылмайды.
Оқырмандар Әлияға әйел бақытын тілеп, актриса үшін қуанышты екендерін жазып жатыр.
Айта кетейік, бес жыл бұрын Әлия Әнуарбектің күйеуі обырдан қайтыс болған. Азамат есімді жұбайымен алты жыл отасқан олар 2016 және 2019 жылдары екі қызды өмірге әкелген.
