25 қыр, 2025 сағат 11:17

Ақтөбелік тұрғын TikTok арқылы табыс табамын деп 2 миллион теңгесінен айырылды


Фото: ТАСС

Telegram мессенджерінде ол TikTok-та видеоларды қарап және лайк қойғаны үшін әр скриншотқа 300-800 теңге табамын деп алданған, деп хабарлайды Ақтөбе облысының ПД.

– Жылдам табыс уәдесіне сенген ер адам бейтаныс біреудің нұсқауы бойынша белгісіз сайтқа тіркеліп, ұсыныстарын қабылдаған. Алаяқтар салынған қаражат 30% пайда әкеледі деп сендірген. Ер адам көрсетілген банктік шоттарға "фильм сатып алу" үшін ақша аударған. Алаяқтар оның сенімін пайдаланып, 2 миллион теңгені иеленген, – деп жазылған Ақтөбе облысының ПД хабарламасында. 

Қазір оқиға бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.