Фото: 2gis.kz
Ақтөбе қаласында 13 жастағы оқушының қайтыс болуына қатысты соталды тергеу басталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Ақтөбе облысы прокурорының көмекшісі Ещановтың сөзінше, 14 желтоқсанда сағат 11.55 шамасында қаладағы орталық балалар ауруханасында 2010 жылы туған, 7-сынып оқушысы қайтыс болғаны туралы хабар түскен.
Марқұм оқушының сыныптастарының айтуынша, ол сыныпқа жүгіріп келіп, партаға соғылып, құлап қалған.
Қазіргі уақытта оқиға орнында Полиция басқармасы мен Ақтөбе қаласы прокуратурасының жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Қылмыстық кодекстің 141-бабы 2-бөлігі ("Балалардың өмiрi мен денсаулығының қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету жөнiндегi мiндеттердi тиісінше орындамау") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Тергеу барысын облыс прокуроры жеке бақылауға алды.
Еске салайық, бұған дейін Ақтөбедегі мектептердің бірінде 13 жастағы оқушы қайтыс болғаны хабарланған болатын. Облыстық денсаулық сақтау басқармасы оқиғаға қатысты ақпаратты растады.
"13 жастағы бала мектепте құлап, үстелдің бұрышына соғылған. Клиникалық өлім жағдайында жеткізілді. Тексеру кезінде пульсация болмады, қан қысымы анықталмады, ес-түссіз болды. Иек аймағында жарақат болды. Дереу реанимация жасалды. Сағат 11:25-те қайтыс болды", - деді Ақтөбе облысы Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Рүстем Исаев.