Фото:depositphotos.com
Ақтөбе полициясы терроризм актісі туралы көрінеу жалған хабарлама тарату фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда құзырлы органдармен бірлесіп, осы ақпаратты таратқан тұлғаларды анықтауға бағытталған кешенді жұмыстар жүргізіліп жатыр.
Білім беру ұйымдарының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, оның ішінде бейнебақылау арқылы және оларға жақын жерлерде полиция жасақтарын көбейту арқылы күшейтуге ерекше назар аударылды. Сондай-ақ білім беру ұйымдарында өткізу режимі бақылауға алынды", - дейді қалалық полиция басқармасының бастығы Әсет Қалиев.
Оның айтуынша, осыған ұқсас жалған хабарламалар жыл басында Ресей Федерациясының бірқатар қаласында тараған.
"Бұл хабарламалар халық арасында дүрбелең тудыру мақсатында жасалған. Азаматтардан арандатушылыққа бой алдырмауды және сабыр сақтауды сұраймыз! Жағдай құқық қорғау органдарының бақылауында", - деді ол.