Фото: Диапазон
Ақтөбе қаласының әкімі Азамат Бекет қала тұрғындарына үндеу жасады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz -ке сілтеме жасап.
Әкімнің айтуынша, Хромтаудың аумағында орналасқан Мағажан су қоймасының жарылып кету қаупіне байланысты Ақтөбе су қоймасына үлкен көлемде су құйылады деген болжам бар.
"Ақтөбе су қоймасының толуына байланысты шлюзді ашуға мәжбүрміз. Бұл судың жағасынан асып кетуіне әкелуі мүмкін екенін ескертеміз. Кірпішті көпірі ауданындағы Елек өзені мен Қарғалы өзенінің маңында орналасқан бау-бақша ұжымдарының тұрғындарын эвакуациялауға және үйлерін тастап кетуге келісім берулерін сұраймын", – деді әкім.