Фото: Zakon.kz
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі оқушы қазасынан соң екі тәрбиеленуші күдікке ілігіп, қамауға алынды. Үш қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Есет батыр атындағы олимпиада резервінің облыстық мамандандырылған мектеп-интернат-колледжіндегі оқушы өлімінің соң Қылмыстық кодекстің «бұзақылық», «денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру» баптары бойынша іс қозғалды.
Сонымен бірге спорт мектебінің педагогтері мен басшылығының міндеттеріне адал қарамау дерегі бойынша да тергеу жүріп жатыр.
— Қазіргі таңда күдіктілер ретінде осы мектептің екі тәрбиеленуші тұтқындалып, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды. Тиісті сараптамалар тағайындалды. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жалғасып жатыр, — деді Ақтөбе облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Ерболат Сарқұлов.
Айта кетейік, 11 сәуір күні сағат 21:30–да спорт мектебінің 8-сынып оқушысы көз жұмды.