20 мау, 2024 сағат 12:13

Ақтөбеде білім бөлімінің басшысы ұсталды

Сурет: видеодан кадр

Ақтөбе облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Шалқар ауданындағы білім бөлімінің басшысына қатысты қылмыстық істі тергеуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ол аудандық жалпы білім беретін орта мектептің директоры арқылы қызмет бойынша жалпы қамқорлығы үшін ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларынан жалпы сомасы 18,5 млн теңге пара алды деп күдіктелуде. Соттың санкциясымен білім бөлімінің басшысы мен аудандық мектеп директоры қамауға алынды», - делінген Антикор хабарламасында.


Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды.

Конституцияның 77-бабы 3-тармағының 1-тармақшасына және Қылмыстық-процестік кодекстің 19-бабы 1-бөлігіне сәйкес, қылмыстық құқық бұзушылық жасаудағы кінәсі соттың заңды күшіне енген үкімімен белгіленгенге дейін әрбір адам кінәсіз деп есептеледі.