Ақтөбеде орталық стадиондағы футбол ойынының басында қосылған ел əнұранын елемеген сақалды жігіттердің əрекеті көпшіліктің ашуына тиді, деп жазады NUR.KZ.
Ақтөбе мен Қайрат командаларының ойыны кезінде өздерін көпшіліктен бөлек ұстаған дін өкілдеріне қатысты қалалық мешіттің бас имамы пікір білдірді.
Осы жерде ғалымдар әнұранды айтуға да, тыңдауға да болатынын айтады. Тек онда шариғатқа қарсы келетін сөздер болмау керек. Ал қазақ елінің əнұранында шариғатқа тіл тигізетін сөздер жоқ. Керісінше, адамға күш, рухани жігер беретін сөздер бар. Барлық ислам мемлекеттерінің өз əнұраны бар. Олар əнұранды айтады, тыңдайды",- дейді Ақтөбе қалалық мешітінің бас имамы Амантай Сəдуов.