31 қаз, 2025 сағат 12:04

Ақтөбеде 13 жастағы жасөспірім әкесінің көлігін рұқсатсыз жүргізіп қаза тапты

Ақтөбеде қайғылы оқиға болды. 27 қазан күні Бауырластар тұрғын ауданында 13 жастағы оқушы әкесінің рұқсатынсыз көлік кілтін алып, серуенге шыққан, деп хабарлайды Ult.kz Orda.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция департаментінің мәліметінше, жасөспірім рөлге ие бола алмай, көлікті жол шетіндегі жыраға түсіріп, аударып алған.

Ауыр жарақат алған бала ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады. Ақтөбе облыстық полиция департаменті бұл дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу басталғанын хабарлады.

Қазір полиция оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тәртіп сақшылары ата-аналарға кәмелетке толмаған балаларға көлік жүргізуге жол бермеу жөнінде ескерту жасады.

«Осындай немқұрайлылық қайғылы жағдайларға әкеліп соғады» деп мәлімдеді полиция. 

Бұл — Ақтөбеде биыл тіркелген өліммен аяқталған екінші жол апаты.

Еске сала кетсек, 23 қазанда «Самара – Шымкент» тас жолының Әйтеке би ауданына қарасты Белқопа ауылы маңында үлкен жол апаты болып, 12 адам көз жұмды.