30 қыр, 2016 сағат 13:14

Ақтөбе «сақалдылардан» тазартылды (Видео)

"Ақтөбенің орталық базарында мұздай қаруланған арнайы жасақ сақал қойған саудагерлердің бірін қалдырмай ұстап әкетті", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі КТК арнасына сілтеме жасап.

Тәртіп сақшыларының бұл әрекетін көргендер тағы лаңкестер шабуыл жасады деп шошыпты. 

Бірақ бұл Астанадан Ақтөбеге бас прокурор бастаған 200 адамдық делегацияның келуі алдында жасалған арнайы шара екен. Құрамында тәртіпке жауапты министрліктер, дін және партия өкілдері бар арнайы штаб Ақтөбе облысында бір ай жұмыс істемек. Олар өңірді аралап, жастарды теріс ағымнан қайтару, жұмыспен қамту, тіпті кәсіп бастаймын дегендеріне несие беру жайын қарастырады. Осылайша Ақтөбенің әлеуметтік-экономикалық жағдайын көтеруге атсалыспақ екен. Әйтпесе, қалада жұмыссыздық белең алып, ауыр қылмыстар да 18 пайызға артыпты. Теріс діни ағымда жүргендермен жұмыс өнбей жатыр. 5-ші маусымдағы лаңкестік әрекеттен кейін де базар ішінде теріс діни ағымдағылар азаймапты.

Сыдық Сақтағанов, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Уахабистер  көбейіп кетті ғой. Көбісі солар ғой сатып жаткан. Бұларға бір тыйым салса деймін. Ертеңгі күнде бұлар өршіп кетсе, бұл не болады? Бөлінеміз ғой онда мұсылмандар.