Фото: © Pixabay.com
Ақтөбе облысында жол апаты салдарынан мұғалім мен екі оқушы қаза тапты, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Ақтөбе облысының Білім басқармасы берген алдын ала мәлімет бойынша, 19 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша шамамен 08:45-те Самара-Шымкент тасжолында, Ырғыз ауданы, Қызылжар ауылының маңында жол апаты болған.
Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр
"Алдын ала мәліметтер мен куәгерлердің сөзіне қарағанда, жол-көлік оқиғасы салдарынан үш адам қаза тапқан: Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға бара жатқан екі оқушы мен бір мұғалім", - делінген облыстық Білім басқармасы хабарламасында.
Сондай-ақ, jқиға туралы қосымша ақпарат пен басқа да мәліметтер хабарланатыны айтылды.