Фото: Rico_Loeb
Самара-Шымкент автожолында Volvo жүк көлігі мен Toyota-Аlhpard минивені соқтығысып, 8 адам көз жұмды. Трагедия 3 сәуірде Маржанбұлақ ауылының маңында болды, деп хабарлады «Ұлт ақпарат» Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
"Апат салдарынан минивен жүргізушісі мен 7 жолаушысы оқиға орнында қаза тапты. Барлығы Өзбекстан азаматы", - деп жазылған хабарламада.
Алдын ала мәлімет бойынша жүк көлігінің дөңгелегі жарылып, жүргізуші көлікті басқара алмай, қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шығып кеткен.