Ақтөбе облысындағы тас жолда қырғыз номері бар шағын автобусқа оқ атылды, бұл туралы Қырғызстан СІМ ресми өкілі Айымқан Кулукеева Facebook парақшасында жазды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Кулукееваның айтуынша, Қырғызстанның Қазақстандағы елшілігі Ақтөбе облысындағы тас жолда қырғыз номері бар шағын автобусқа оқ атылғаны туралы ақпаратты тексеріп жатыр.
ҚР СІМ мамандарының айтуынша, бұл оқиғаның Ақтөбе облысындағы тас жолда 6 сәуірге қараған түні болғаны жайлы ақпарат келіп түскен. Алдын ала мәлімет бойынша, көлік бұзылып, жүргізуші қосалқы бөлшектер әкелуге кеткен. Келгенде көлікке бірнеше оқтың тигенін және жолаушының жаралы екенін көрген.
"2018 жылы 6 сәуірде шамамен сағат 00.50-де белгісіз біреулер атыс қаруымен Mercedes Benz маркалы шағын автобусының жолаушыларына қарақшылық шабуыл жасаған, көлік Ақтөбе қаласындағы солтүстік айналма жолындағы Ақшат ауылының маңында тұрақта тұрған, қарақшылар ақшаны, алтын бұйымдарды қолды қылды", - деді баспасөз қызметіндегілер.
Полиция баспасөз қызметіндегілердің айтуынша, шағын автобус Қырғызстан Республикасының азаматына тиесілі, ол Мәскеуден Қырғызстанға жол тартқан.
"Жедел жәрдем бригадасы зардап шеккен адамды Ақтөбенің ауруханасына жеткізді. Қарақшылық шабуыл дерегіне қатысты сотқа дейінгі тергеу басталды, тәжірибелі қызметкерлерден жедел-тергеу тобы құрылды. Ақтөбе облысының ІІД және прокуратурасы тергеуді бақылауға алды", - деді ІІД мамандары.