Фото: freepik
Бұл туралы "Немолчи" қорының жетекшісі Дина Таңсәрі әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды «Ұлт ақпарат» inbusiness.kz-ке сілтеме жасап.
Оның айтуынша, оқыс оқиға туралы 3 жасар қыздың анасы жазған.
"Анасының айтуынша, қыз әкесінің туыстарына барған. Үйіне келгенде көкесінің тиіскенін айтып, шағым жасаған. Анасы баланы ауруханаға апарған. Дәрігер ануста 2 сантиметр сызат барын растаған. Қыздың анасы дереу полицияға арыз берген, бірақ күдікті ақша төлейді деп қорқып отыр. Оның айтуынша, ол бұған дейін полиция қызметкері болып, тіпті әкімдікте басшылық қызметте болған. Оны ауылдағының бәрі біледі, ол жақта танысы көп. Оның үстіне, анасы тергеу амалдарына баруға қорқады, өйткені ол өз өмірі мен қызының өміріне қауіптенеді. Қыз психологиялық зақым алған, мұны психолог растады", - делінген жазбада.