30 там, 2016 сағат 00:52

Ақтөбе көшелерінде мылтық суреттері мен «Аллаһу акбар!» деген жазулар қаптап кеткен (Видео)

"Ақтөбенің көшелерінде «Аллаху Акбар» деген жазулар қаптап кетті. Оған қоса суық қарудың салынған суретімен бірге "Алла ұлық", "Алла бізбен бірге" деген сөздер әр үйдің қабырғаларына жазылған. Халықпен бірге бұл жағдайға имамдар да алаңдап отыр", - деп хабарлайды Ұлт.кз тілшісі 31-арнаға сілтеме жасап.

Ақтөбеде "Аллаху Акбар" деген ұранмен жазулар пайда бола бастады. Әсіресе қаламыздағы Шанхай ауданындағы әр үйдің бұрышынан "Алла ұлық", "Алла бар" және "Алла қашанда бізбен бірге" деген көруге болады. Оған қоса қастарына мылтықтың суреттерін тағы салған. Солардың бірі міне мына жер.

Бірнеше терактті бастан өткерген ақтөбелік тұрғындар да үй маңындағы жазуларды көргенде зәреміз қалмайды, тіпті ойын алаңдарына бала жіберуден қорқамыз,- дейді.

- Неше түрлі адамдар бар ғой қазір, бүркегені бар, бүркемегені бар, солардан қорқамыз. Баланың артынан екі адам жүреді.

Бұл жазуларды кім, не үшін жазғаны әзірше жұмбақ. Жағдай имамдарды да алаңдатып отыр. "Аллаху Акбар" деген жазуда тұрған ештеңе жоқ, ал суық қарудан қорқуға болады, бұл жақсы нышан емес дейді,- дін танушылар.

 

Нұрлыбек Шакизадаұлы, Дінтанушы:

- Кейбір білімсіз бауырларымыз сол жерге қызық көріп немесе ішіндегі жаңағы эмоциясын ішіндегі сезімін халықпен бөліскесі келіп, сол жерге жазуы мүмкін. Бірақ менің уайымдап тұрған нәрсем, бұл жердегі дұрыс емес нәрсе Аллаху Акбар деген сөздің қасында қарудың тұруы. Бұл жақсы белгі емес.

Бірақ біздің түсірілім тобы барғанша жазулардың үсті бояумен сырланып тасталыпты. Полиция қызметкерлері ертемен келіп, жазуды өшіруді тапсырыпты.

Ал, тұрғындарға жазуды өшіруге тапсырма берген тәртіп сақшылары бұл жағдай жөнінде  бізге жауап  беруден бас тартты.