Фото: видеодан скриншот
Ақтөбе қаласында маса, шыбын-шіркей және кеміргіштерге қарсы улау жұмыстары мамыр айынан бері жүргізіліп келеді. Дегенмен, қала көшелері мен тұрғын үй аулаларында ұсақ шыбындар әлі де қаптап жүр, деп хабарлайды Ult.kz.
Қала әкімдігінің мәліметінше:
-
Дезинсекция және дератизация жұмыстары 4 мамырдан басталған;
-
Жаз айында 4 мың гектардан астам аумақта 8 рет улау жүргізілген;
-
Кеміргіштерге қарсы екі рет у шашылып, ол 175 гектарды қамтыған;
-
Саябақтар мен аллеяларды қоса алғанда, 1700 гектардан астам жасыл желекке у себілген.
Жұмыс барысында трактор, арнайы бүріккіштер, су таситын көліктер және дрондар пайдаланылған.
Әкімдіктің түсіндіруінше, жауын-шашыннан кейін күн ысып, ылғал артқандықтан, шыбын-шіркей көбейген. Улау кезінде олардың басқа аумақтарға көшуі де байқалады. Қазіргі таңда қаладағы Алматы және Астана аудандарында қосымша мониторинг жүргізіліп жатыр. Нәтижесінде, әсіресе адамдар көп жүретін жерлерде қосымша улау жұмыстары қолға алынады.
