10 қар, 2025 сағат 10:55

Актер Олжас Абай экс-әйеліне пәтер алып беремін деген уәдесін орындамай отыр

Фото: ашық дереккөз

Әлеуметтік желіде Олжас Абайдың әйелі Аймираның сұхбаты қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Ult.kz beksports.kz сайтына сілтеме жасап.

Актердің экс-әйелі Аймира Аман Hit TV арнасының «Менің өмірім» бағдарламасына сұхбат беріп, жан сырын ақтарды.

«Кінә бір жақты болмайды. Ешкімді кінәламаймын. Отбасымызды сақтап қала алмадық. Меніңше, ажырасу – дұрыс шешім болды. Бір сөзбен айтқанда, Олжас екеуіміздің дәм-тұзымыз жараспады», – дейді әнші.


Аймираның айтуынша, қазіргі таңда ол анасымен бірге пәтер жалдап тұрады, ал балаларының тәрбиесі екеуінің қолында. 

«Қазір жеке үйіміз жоқ. Пәтер жалдап тұрамыз. Олжастың тарапынан биыл пәтер алып беремін деген уәде болды, соны күтіп отырмыз. Балалармен сирек араласады, соған балалар ренжиді», – деді Аймира Аман.


Әлеуметтік желіде бұл сұхбат үлкен резонанс тудырды. Көпшілік әншінің шындықты ашық айтуына қолдау білдірсе, енді бірі актердің жауапкершілігі жайлы пікір қалдырды.

Айта кетейік, бұған дейін актер Олжас Абайдың отбасы мен жеке өмірі туралы түрлі болжамдар тараған болатын. Ал экс-жұбайы Аймира Аман сұхбатында күйеуінің қол көтерген кездері болғанын да жасырмады.

«Пәтерде тұрамын, Олжас көмектеспейді. Балаларына келмейді. «Аймира мені іздемесін» деп құрбым арқылы сәлем жолдапты», – деді әнші.