Қызылорда облысында ақтаулық егіз қыз тхэквондодан өткен турнирде бір-бірімен төбелесуден бас тартып, жеңімпазды басқа жолмен анықтауды ұйғарды, - деп хабарлайды Lada.kz сайты.
24 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде бірінші орын үшін финалдық бәсекеге егіз Айя мен Сая Кенжеғалилер шыққан. Бірақ олар төбелескен жоқ. Жеңімпаз "тас, қайшы, қағаз" ойыны арқылы анықталды. Бұл "текетіресте" Айя жеңіске жеткен (ол алтын медаль алды). Ал Сая күміс медаль еншіледі.