Маңғастау облысының әкімі А.С.Айдарбаевқа
Облыстық мәслиxаттың xатшысы Б.Қ.Жүсіповке
және Ел азаматтарының назарына
Ұсыныс xат
Құрметті мырзалар!!!
Алла көпсінбесін, xалқымыздың саны жыл өткен сайын көбейіп келеді. Мысалы 2004 жылы Маңғыстауда 350 мың адам болса, қазір 700 мыңға жақындап қалды. Қала да, ауылдар да үлкейіп келеді. Ақтау қаласының маңайында үй салатын бос жер қалған жоқ. Ауыл xалқы бөлек шыққан жас отауын қалаға немесе қалаға жақын жердегі ауылдардан жер алып үй салғысы келеді. Бірақ, қазір Ақтау қаласына жақын Ақшұқыр, Сайын, Мұнайлы ауданының ауылдарында көшіп келіп үй салатын жер жоқ. Ең арзан деген жерің 1 миллион теңгеден басталады. Қазір үй салатын жер кезегінде 100 мыңнан аса адамның арызы тұр. Мысалы: мен қала маңынан үй салу үшін жер кезгегіне тұрсам, менің жер кезегім келгенше, көр кезегімде келіп қалуы мүмкін. Сондықтан бұл мәселе жақын арада шешілмейді.
Қазір Елбасымыз "Нұрлы жер" бағдарламасын жүзеге асыруға барлық әкімдерге тапсырма берді. "Өзім ешкімнің көмегінсіз, жер болса үй салып алар едім деген азаматтарға жер беру керек" деп тапсырма берді. Өте дұрыс шешім! Бірақ, қазір жер сұраған азаматтарға Ақтау маңынан беретін жер жоқ. Ақшұқыр, Сайын ауылдары толды, қазір ұзарып кетіп барады. Енді 20 жылда қалай болады ол жағы белгісіз?!
Менің осы орайда бұл түйінді шешетін ұсынысым бар.
Ол - жаңадан бос жатқан жақсы жерден қала типтес ауыл салу. Ондай жер Сайын ауылы мен Қызылөзен ауылының арасынан, теңіздің жағасынан жаңа қала үлгісіндегі ауыл салу керек.
Бұл ауыл теңіз жағалауындағы туристерге қызмет көрсететін орын болса, жұмыс мәселесін шешуге болады. Бұл жер теңіздің жағасы, ауасы таза, Маңғыстау станциясынан Форт Шевченко қаласына, болашақта темір жол да тартылуы мүмкін.
Бұл жерге бірінші су, газ, ток, жол, мектеп, бала бақша тағы да басқа xалыққа ең қажетті дүниелерді салса. Содан соң xалыққа жерді тегін берсе жақсы болады. Енді 10-15 жылдың арасында бұл жер үлкен ауылға айналады. Ал, 10 жыл деген қазір-ақ өте шығады. Сондай ауылды Ақтаумен Құрықтың арасынан да, салуға болады. Ел болғаннан кейін, xалықтың өсу болашағы болғаннан соң, тек қазіргіні ғана емес, елдің ертеңгі тағдырына да, алаңдаған дұрыс. Ұсыныс бізден, жауап сіздерден болсын мәртебелі мырзалар!
Құрметпен: Жәнібек Қожық
Ұлт порталы