Ақтауда көлік иелері жанармай құю бекеттерінде сұйытылған газ тапшы екенін айтып шағымданды, деп хабарлайды Lada.kz.
Ақтаулықтардың айтуларынша, қаладағы жанар-жағармай құю бекеттерінде бірнеше ондаған көлік кептеліп, кезек пайда болады. Олар газға қол жеткізу үшін сағаттап күтуге мәжбүр екен.
"Мұнай өндірілетін қалада мұндай жағдайдың болуы әбестік. Достарыммен түнде бірнеше жанармай құю бекеттерін араладық, айналада кезек толы. "LPG Trade" ЖШС газды талонмен береміз дейді. Ол талон кімдер бар?", – деді жүргізуші Самат.