Фотоколлаж: Ult.kz
4 сәуірде Қытайдың Сауда министрлігі АҚШ президенті Дональд Трамптың Қытай өнімдеріне салықты көтеруіне жауап ретінде қорғаныс, энергетика және автомобиль секторларында қолданылатын жеті сирекжер элементтері (REE-Rare Earth Elements) мен магниттерін экспорттауға шектеу қойды.
Сирекжер элементтері қорғаныс саласында айрықша маңызды. Оған мысал ретіндер айтар болсақ, F-35 жойғыш ұшақтары, Вирджиния және Колумбия класындағы суасты кемелері, Tomahawk зымырандары, радар жүйелері, Predator ұшқышсыз ұшатын аппараттары және смарт бомбалардың бірлескен тікелей шабуыл оқ-дәрілерін қоса алғанда қорғаныс технологияларының бәріне сирекжер элементтері өндірісте қолданылады.
Сарапшыдан:
Фото: Қанат Қаһарұлы, сарапшы
Сирекжер элементтері дегеніміз не? Неліктен әлемдік сирекжер өндірісінде Қытайдың үлесі көп?
Әлемдік саясатта «егер мұнай ‒ өнеркәсіптің қаны болса, сирекжер ‒ оның дәрумені» деген сөз жиі айтылады. Сирекжер ‒ ең озық ғылым-техникада және әскери салаларда кеңінен қолданылатын құнды стратегиялық ресурс. Сирекжер (Rare Earth Elements,REE)‒ металдар тобының жалпы атауы. Олар 18 ғасырдың аяғынан бастап ашыла бастады. Барлығы 17 элемент бар, оның ішінде химиялық элементтердің периодтық жүйесінде 15 лантанидті элементті қаймтиды. Қазіргі уақытта ол электроника, мұнай-химия, металлургия, сондай-ақ электроникада, машина жасауда, жаңа энергетикада, жеңіл өнеркәсіпте, қоршаған ортаны қорғауда, ауыл шаруашылығында және т.б. салаларда кеңінен қолданылады.
Фото: slideshare.net
2024 жылғы статистика бойынша, Қытай сирекжер элементтерінің жалпы әлемдік өндірісінің 69 пайыздан астамын өндірді. Eкінші орында Америка Құрама Штаттары болды, ол жаһандық сирекжер элементтері өндірісінің 11,6 пайызын құрады.
2024 жылғы әлем бойынша сирекжер өндірісінің елдер бойынша бөлінісі
Дереккөз: statista.com
Сирекжер элементтері геосаяси қаруға айналды
Қытай‒АҚШ арасындағы сауда қақтығысы келешекте сирекжер элементтерінің жеткізілімінің үзілуіне алып келуі мүмкін, бұл өз кезегінде өндірістің кешігуіне және тоқтатылуына әсер етеді. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметі бойынша 2020 және 2023 жылдар аралығында бұл елдің өндірсіне керекті сирекжер элементерінің кем дегенде 70 пайызы Қытайдан импортталған.
Соңғы жылдары АҚШ сирекжер ресурстарын әртараптандыруға міндеттелді, бірақ ол әлі де негізінен Қытайға сүйенеді. Әлемдік саясаткерлер АҚШ-тың Қытайды қуып жетуі үшін әлі көп жол бар екенін және осы кезеңде Қытаймен бірге өмір сүруге тырысуы керектігін атап көрсетеді.
Америка Құрама Штаттарында жалғыз белсенді сирекжер элементтері өндіріс орыны бар ‒ ол Калифорниядағы Маунтин‒Пасс. Бірақ ол кейбір сирек элементті бөле алмайды. Оны өңдеу үшін Қытайға жөнелтуі керек. АҚШ Қорғаныс министрлігі кен орынына иелік ететін компанияға жаңа бөлу қондырғысын салу үшін қаржы бөлді. Нысанның құрылысы бірнеше айға созылады, бірақ бұл да өндірістің қажетін қанағаттандыра алмайды. АҚШ Қорғаныс министрлігі сирекжер элементтерін жеткізудің отандық тізбегін құруға көмектесу үшін 439 миллион доллар бөлуге уәде берді, бірақ Қытай сияқты тау-кен және өңдеу өнеркәсібінің толық тізбегін құру үшін ондаған жылдар қажет болуы мүмкін.
Карнеги қорының геосаяси сарапшысы Мило Макбрайдтың айтуынша, қазіргі таңда АҚШ-тың маңызды пайдалы қазбаларға назар аударуы кейбір шағын тау-кен компанияларына бұрын экономикалық тұрғыдан құнды деп саналмаған нарықтың кейбір бөліктеріндегі мүмкіндіктерді көруге жағдай жасады. «Осы шағын тау-кен өндіруші компаниялар казіргі таңда Қытай‒АҚШ сауда қақтығыстарында тәуекелшіл рөл атқаруда; Қытайдан тыс елдерлегі жобалардың құны арта түсті».
Келешектегі АҚШ‒Қытай сауда қатынастарында сирекжер элементтері саясаты немесе дипломатиясы маңызды рөл атқарады. Әсіресе электронды техника күнен күнге дамыған сайын сирекжер элементтеріне сұраныс арта түседі. Казіргі АҚШ пен Қытай сауда қақтығысында АҚШ Қытайдың кейбір тауарына 30 пайыздан жоғары, тіпті кейбір Қытайдан тікелей өндірілетін тауарға 80 пайызға дейін салық салғанан білеміз. Осындай жағдайда Қытай сирек топырақ экспорт саясатына өзгерістер енгізуі мұмкін.
Оқи отырыңыз: Дональд Трамп қазақстандық импортқа 25 пайыздық баж салығын енгізетінін хабарлады
