17 ақп, 2025 сағат 11:35

Ақша айырбастау орындарында доллар қанша теңгеден саудаланып жатыр

Фото: Kapital.kz

Астана мен Алматы қалаларындағы ақша айырбастау пункттерінде доллар 499 – 505 теңгеден саудаланып жатыр, деп хабарлайды Ult.kz.

Ұлттық банктің 17 ақпанға ұсынған ресми бағамы — бір долларға 495,28 теңге. Ресей рублінің орташа сараланған құны — 5,44 теңге. Еуро — 518,41.

Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Алматының ақша айырбастау пункттерінде доллар 505 теңгеден сатылып жатыр, сатып алу бағамы — 500 теңге. Еуро 522— 527 теңге аралығында құбылып тұр.

Ал, Астана қаласы бойынша долларды сату бағамы — 505 теңге, сатып алу құны — 499 теңге. Еуро 526 теңгеден сатылып, 518 теңгеден сатып алынады.

Дәл қазіргі уақытта ақша айырбастау орындарында Ресей валютасы 5,32 - 5,44 аралығында саудаланып жатыр.

Айта кетейік, 14 ақпан кешкі сауда қорытындысы бойынша, доллардың орташа бағамы 1,91 теңгеге төмендеп, 496,04 теңге болған.