Сәрсенбі күні кешке АҚШ-тың Орталық және Оңтүстік штаттарында бірнеше торнадо болды.
Арканзас штатындағы Лейк-Сити қаласында жерге ірі торнадо түскен. Сондай-ақ Индиана штатының Браунсберг қаласында қоймаға қатты зақым келген. Жергілікті БАҚ мәліметінше, ғимарат ішінде қалып қойған әйел құтқарылған.
Шамамен 13 млн адамға торнадо қаупі туралы ескерту жасалған.