Фото: Reuters
АҚШ-тың бірнеше ірі қалаcында либерал көзқарастағы мыңдаған азамат президент Дональд Трамптың саясатына қарсы шеру өткізді. Бұл — Трамп қызметке кіріскеннен бері елдегі ең ірі ұлттық наразылық акциясы.
Hands Off ("Қолыңды тарт") қозғалысының ұйымдастырушылары барлық 50 штаттағы 1200-ден астам жерде шеру өткізуді жоспарлаған. Сенбіде Бостон, Нью-Йорк, Чикаго, Лос-Анджелес және Вашингтон қалаларында адамдардың көп жиналғаны байқалды.
АҚШ-тың ірі қалаларында Трампқа қарсы көңіл күйі басым. Дегенмен, соңғы айларда мұндай ашық наразылықтар сирек болды. Сарапшылар мұны либералды топтардың көпжылдық мәдени соғыстан шаршауы мен депрессиясымен немесе Трамптың жауабы күш қолдануға ұласуы мүмкін деген қорқынышпен түсіндіреді.
Ал Трамптың өзі сенбі күні жұрт алдына шыққан жоқ. Ол Мар-а-Лагода гольф ойнап, жексенбіде де демалысын жалғастырмақ.
ICE (АҚШ-тың көші-қон полициясы) басшысының міндетін атқарушы Том Хоуман Fox News арнасына берген сұхбатында шерушілерге менсінбей қарады:
"Олар бос үйдің алдында қанша қаласа, сонша шеру өткізе берсін... Митингілер ештеңе өзгертпейді. Бірінші түзетуде кепілдік берілген сөз бостандығын пайдалансын. Бірақ бұл ешнәрсеге әсер етпейді", — деді ол.