12 мау, 2020 сағат 07:15

АҚШ пен Еуропада қор биржасының индекстері күрт төмендеді

Еуропаның қор нарығында баға белгілері төмендеді. Батыс Еуропаның STOXX Europe 600 компаниялар индексі - 4 пайыздан аса, немістің DAX-ы – 2,8 пайызға, франциялық CAC-40 - 4,6 пайызға, британдық FTSE – 4 пайызға құлдилады. Бұл жөнінде Euronews.com агенттігі хабарлады.

Нью-Йорк қор биржасының басты индекстері нарық қатысушыларының коронавирустың екінші толқынынан қорқуы себебімен күрт төмендеген. Dow Jones өнеркәсіп индексі 7 пайыздан астам жоғалтқан – бұл ол үшін соңғы үш айдағы ең нашар күн. Құрамына ең ірі 500 компаниялар кіретін S&P 500 индексі 6 пайыздай төмендеген. Nasdaq электронды биржасының индексі 2 пайыздан астам төмендеді. 

Ең қатты төмендеген - әуе желілері, круиз операторлары мен туроператорлар, сондай-ақ энергетикалық сектордың баға белгілері. 

Нарық аналитиктері инвесторлардың көңіл-күйіне Флорида, Техас және Калифорния штаттарында коронавирус жұқтыру фактілерінің көбейгені туралы мәліметтер әсер еткенін айтып отыр. 

Таяуда АҚШ-тың Федералдық қор жүйесі экономиканы қалпына келтіру ұзақ уақытқа созылатынын және індеттің екінші толқыны басталса, карантинді қайта енгізуге болмайтынын мәлімдеді. Өткен аптада сауда биржасына жұмыссыздық бойынша жәрдемақыны 1,5 млн адам сұрап келді. 

ФҚЖ болжамынша, АҚШ-тың жалпы ішкі өнімі биыл 6,5 пайызға төмендеп, жұмыссыздық деңгейі 9.3 пайызды құрайды. Қазіргі кезде көрсеткіш – 13.3 пайыз.