Қазақстан қор биржасында (KASE) бүгінгі өткен сауда-саттық қорытындысы бойынша теңгенің АҚШ долларына шаққандағы орташа бағамы 1 доллары 377 теңгеден төменге түсіп, 376 теңгені құрады. Қазіргі таңда АҚШ долларының қор биржасындағы орташа бағамы соңғы 10 айдағы ең төменгі бағасы 376,4-376,5 болып отыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" TENGENOMIKA телеграмм каналына сілтеме жасап.
Айта кетейік, қазіргі уақытта Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларының валюта айырбастау пунктерінде 378,3-378,6 теңгеден сатылуда.