Ұлттық банк айырбастау пунктілері арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын теңгеге сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегін белгіледі, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
Қазақстан Ұлттық банкі қаржы нарығы қатысушыларының валюталарды сатып алу және сату бағамы арасында негізсіз жоғары маржаны орнатуына жол бермес үшін шұғыл шара қабылдады.
19 наурызда қаржы ұйымы арнайы қаулы қабылдады. Қаулыда уәкілетті банктердің және уәкілетті ұйымдардың айырбастау пункті арқылы жүргізілетін операциялар бойынша шетел валютасын сатып алу бағамының сату бағамынан ауытқу шегі былай белгіленді:
- АҚШ доллары - 6 теңге
- Еуро - 7 теңге.
Бұл шаралар елде төтенше жағдай режимі кезінде іске асады және ішкі валюта нарығына сыртқы факторлардың тұрақсыздандыратын әсерін шектеуге және қаржылық тұрақтылықты қамтамасыз етуге жәрдемдесуге бағытталған.
Қаулының толық мәтінімен Ұлттық банктің ресми интернет-ресурсында танысуға болады.