«Жәнібек ән салады, Ақселеу тамсанады». Ақын Жарасқан Әбдіраштың айтқан осынау достық әзіл қазақтың қос алыбы Ақселеу Сейдімбек пен Жәнібек Кәрменов екеуі қазақ теледидарынан ән-сұхбат жүргізіп, эфирге шыққан кезінде айтылған еді. Ұлттық музыканың, халықтың қазынасын насихаттаған бұл хабар қазақ теледидарындағы ерекше құбылыс болды. Қалың көрермен қайталап көруден жалықпады.
Міне, «Qazaqstan» телеарнасының «Алтын қорында» сақталған сол хабар қайта көрермен назарына ұсынылды. Хабар 1984 жылы түсірілген.