26 қыр, 2025 сағат 10:46

Ақордада Президент бірқатар кадрлық ауыс-түйістер жасады

Фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтары мен өкімдерімен бірқатар маңызды кадрлық өзгерістер болды, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент Жарлығымен:

  • Тамара Дүйсенова Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі лауазымынан босатылды;

  • Қанат Шарлапаев Президенттің экономикалық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылды;

  • Ержан Қазыхан Президенттің халықаралық мәселелер жөніндегі көмекшісі қызметінен босатылып, Женева қаласындағы (Швейцария) БҰҰ бөлімшесі мен өзге де халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі болып тағайындалды;

  • Ерлан Әлімбаев Женевадағы Қазақстанның Тұрақты өкілі қызметінен босатылды;

  • Мұрат Нұртілеу Президенттің халықаралық инвестиция және сауда ынтымақтастығы жөніндегі көмекшісі қызметіне тағайындалды;

  • Ермек Көшербаев Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі болып тағайындалды.

    Ержан Ашықбаев Қазақстан Республикасының Америка Құрама Штаттарындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі лауазымынан босатылды.

Президент өкімдерімен:

  • Ернар Баспаев Президенттің кеңесшісі лауазымынан босатылды;

  • Бақытжан Сапиев Президенттің кеңесшісі болып тағайындалды;

  • Әлихан Жамсатов Президент Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау бөлімінің меңгерушісі қызметіне тағайындалды;

  • Күнсұлу Закария Президенттің ғылым және инновациялар мәселелері жөніндегі кеңесшісі қызметінен босатылды;

  • Зүлфия Сүлейменова Президенттің кеңесшісі – халықаралық экологиялық ынтымақтастық жөніндегі арнаулы өкілі қызметінен босатылды.