28 мам, 2025 сағат 15:23

Ақмола облысында жарысқа келген балалар астан уланып, ауруханаға түсті

Фото: ҚР ОАМ

Щучинск қаласында өткен спорттық жарысқа қатысуға келген Қостанайлық 10-15 бала астан уланып қалды, деп хабарлайды Ult.kz.

Төрт жасөспірім Көкшетау облыстық балалар ауруханасының инфекциялық бөлімінде жатыр. Дәрігерлер олардың жағдайын тұрақты деп бағалап отыр. Қалған балалар Щучинскідегі жекеменшік емханада ем қабылдауда.

Жарысты «Жақсы-2» спорт кешені ұйымдастырған. Жеке мекеме жарысты жергілікті атқарушы органның рұқсатынсыз өткізген.

Балалардың нақты неден уланғаны әзірге белгісіз. Сараптама жүргізілуде.