10 қаз, 2024 сағат 10:45

Ақмола облысында пойыз рельстен шығып кетті

Фото: pexels.com

Ақмола облысында Сұрған станциясында электр локомотиві мен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Пойыз қозғалысы таңға дейін қалпына келтірілді, деп хабарлайды Ult.kz.

"ҚТЖ ҰК АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға 9 қазанда сағат 17:40-та Есіл - Құсмұрын учаскесіндегі Сұрған станциясында болған.

"Электр локомотиві мен жүк пойызының вагондары рельстен шығып кетті. Ешкім зардап шеккен жоқ, қалпына келтіру пойыздары жолға шықты. Оқиғаның себебін тексеру үшін оқиға орнына комиссия жіберілді", - делінген хабарда.


Сонымен қатар пойыз қозғалысын өткізу үшін Сұрған станциясындағы жол 10 қазан күні 03:50-де ашылғаны белгілі болды. Сол уақытқа дейін рельстен шығу салдарын жоюмен айналысқан.

Осы учаскеде жолаушылар пойыздары өткеннен кейін қалпына келтіру жұмыстары үшін "терезе" берілмек.