Президент әкімшілігінің басқарма басшысының орынбасары Мәлік Мырзалин Ақмола облысының әкімі болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың твиттердегі парақшасына сілтеме жасап.
Бұған дейін бұл қызметті Сергей Кулагин атқарған болатын.
Мәлік Мырзалин 1971 жылғы 31 қазанда Ақтөбе қаласында туған. 1996 жылы Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу Мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын бітірген. 2006 жылы Йель университетінің менеджмент мектебінде (АҚШ) біліктілігін арттырудан өткен. Саяси ғылымдарының кандидаты (2010 ж.).
1996 — 2004 жылдары — Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы Елшілігінің референті, атташесі, үшінші, екінші, бірінші хатшысы, 2004 — 2006 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің аппарат басшысы, 2006 — 2007 жылдары — Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2007 — 2008 жылдары Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары, 2008 — 2009 жылдары — «Нұр Отан» халықтық-демократиялық партиясы орталық аппараты басшысының орынбасары, 2010 — 2011 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқармасының аппарат басшысы, 2011 — 2013 жылдары — Қазақстан Республикасы Дін істері агенттігінің жауапты хатшысы, 2013 – 2016 жылдары — Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының орынбасары, 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап Қазақстан Республикасы Президенті Іс Басқарушысының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.
«Құрмет» орденімен (2014 ж.), «Ерен еңбегі үшін» медалімен (2005 ж.) марапатталған.