«Ақ жол» «Арселор Митталдың» оффшорлық схемаларын сынға алып, қазақстандық мердігерлерді қолдады. Бұл туралы фракция төрағасы Азат Перуашев тиісті парламенттік сұранысында мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
«Ақ жол» демократиялық партиясы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық сенім кеңесінің үстіміздегі жылдың 20 желтоқсанында өткен отырысында берген тапсырмаларын құптайды.
Митингілер туралы хабарлау рәсіміне көшу, саяси партияларды құруды жеңілдету, парламенттік оппозиция институтын біріктіру, бюджеттің жұмсалуына қоғамдық бақылауды енгізу сынды тапсырмалар қоғамның дамуының жаңа парадигмасын және өзекті әлеуметтік-экономикалық мәселелерді шешудегі жаңа мүмкіндіктерді жасайды.
Ол үшін қоғам мен мемлекеттің негізгі мүдделеріне қатысты мәселелерді талқылауда ашықтық болуы керек.
Осыған байланысты, Демократиялық партия алға қойылған міндеттерді тиімді қолдайтындығын және оларды іске асыруға белсенді қатысуға дайын екендігін мәлімдейді.
Ұлттық кеңестің аталған отырысында Президент Қ.Тоқаев біздің азаматтарымызды кемсітуге жол берілмейтінін айтып, шетелдік жұмыс берушілермен жұмыс істейтін қазақстандықтардың құқықтарын қорғауға қатысты нақты тапсырмалар берді.
«Ақ жол» ұлттық бизнес-партия ретінде осыған байланысты кейбір шетелдік тауар алпауыттарының қазақстандық шағын және орта бизнес мүдделерінің бұзатынын айтты.
Бұл аз дегендей, ірі жер қойнауын пайдаланушылар шетелдік жеткізушілер мен мердігерлердің тауарлары мен қызметтерін сатып алу үшін жыл сайын шамамен 8 трлн. теңге жұмсайды.
Сондай-ақ, келісімшартқа қол жеткізе алатын отандық кәсіпорындар да өздерінің заңды құқықтары мен мүдделерін елеусіз қалдырады.
«Арселор Миттал Теміртауде» жұмыс істейтін отандық кәсіпкерлер «Ақ жол» партиясымен байланысқа шықты. Әлемдегі ең ірі болат өндіруші кәсіпорын қазақстандық серіктестерге өндірілген тауарлар, жұмыстар мен қызметтер үшін төлемді үнемі алты ай немесе одан да көп мерзімге кешіктіріп келеді.
Мәселен, 2016 жылы компанияның мердігерлер алдындағы қарызы 1 миллиард теңгені құраса, 2017 жылы - 2 миллиард теңге болса, былтыр миллиардтан асып жығылды. Биыл Қарағанды облысы мен Теміртау қаласының басшылығы «Арселор Миттал Теміртау» компаниясының басшылығымен жергілікті мердігерлер алдындағы қарызды төлеу мәселесі бойынша келіссөздер жүргізуге мәжбүр.
Сонымен бірге, барлық қазақстандық серіктестер банктерден несие алуға мәжбүр. Себебі, орындалған келісім-шарттардың уақтылы төленбеуінен олар тікелей қаржылық залал шегеді. Мысалы, коммерциялық несиелер бойынша орташа пайыздық мөлшерлеме 18% болған жағдайда, алты айға кешіктірілген отандық компаниялардың шығыны келісімшарт сомасының 9% құрайды, бұл жергілікті бизнес үшін үлкен шығын.
Сонымен қатар, мұның кесірінен шетелдік кәсіпорындармен жұмыс жасамаса да, олардың әрекеттерінен тікелей залал шеккен осы кәсіпорындардың жұмысшыларына жалақы кешіктіріліп төленеді.
Сонымен қатар, мердігерлер есептелген, бірақ әлі жасалмаған төлемдер үшін салықтар мен айыппұлдар төлеуге мәжбүр.
Бұл - қазақстандық компаниялар өз есебінен «Арселор Митталға» демеушілік көрсетіп отыр деген сөз.
Ашық дереккөздерге сенсек, «АрселорМиттал Теміртау» компаниясы Қазақстанның жер қойнауын пайдалана отырып, аз мөлшерде пайда түсірудің жеке схемасын құрған. Бір сөзбен айтқанда, барлық экспорттық жеткізілімдер компанияның Дубайдағы кеңсесі арқылы өтіп, өнім бағасы алдымен БАӘ-де «өзіндік құны + бір доллар» бағасымен, одан кейін барып нақты сатып алушыларға әлемдік бағамен сатылды.
Яғни, ресми түрде «Митталдың» экспортының бір тоннасы 1 долларға тең және олар Қазақстанға сол 1 доллардан ғана салық төлейді. Ал түскен қаражаттың негізгі бөлігі сол иелердің оффшорлық компаниясына түсті.
Бірақ бұл схемаға қарамастан, жасырын кірісті айтпағанда, зауыт ондаған жылдар бойы өзінің шетелдік иелеріне жылына жарты миллиард долларға жуық ресми кіріс берді.
Дегенмен, «Миттал» жасалған келісімшарттар бойынша қазақстандық кәсіпорындарға қаржы төлегісі келмейді.
Сұранымда мұндай деректердің сканерленген құжаттары бар көздері көрсетіледі. «Ақ жол» фракциясы аталған фактілерді шешуге және қазақстандық жұмысшылардың да, қазақстандық кәсіпкерлердің де, жалпы ұлттық экономиканың мүдделерін де қорғауға шақырады.
Шетелдік тауарлық алпауыттардың Қазақстан экономикасын дамытуға неғұрлым селқос қарауы, олардың сатып алған қазақстандық бизнесінің үлесі мен қауіпсіздігін арттыру мәселесін көтеретін кез келді.
Осыған байланысты «Ақ жол» депутаттық фракциясы ірі шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың қызметінде ұлттық экономикалық мүдделерді қатаң реттеу мен қорғау мүмкіндігін қарастыруды сұрайды.
Сонымен қатар, біз сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға «корпоративтік сыбайлас жемқорлық» түсінігін енгізу мәселесін көтереміз.
Жер қойнауы мемлекетке тиесілі, демек, шетелдік жер қойнауын пайдаланушылардың оларды пайдалану кезінде теріс пайдалану да сыбайлас жемқорлық бойынша құқық бұзушылыққа жатады» делінген депутаттық сауалдың толық мәтінінде.