Фото: Air Astana
Air Astana әуе компаниясы алматылық «Қайрат» футбол клубымен демеушілік серіктестік туралы келісімге қол қойды. Осылайша ұлттық авиакомпания клубтың ресми әуе тасымалдаушысы мәртебесіне ие болды, деп хабарлайды Ult.kz.
Серіктестік не береді?
-
Команданы халықаралық матчтарға және оқу-жаттығу жиындарына қауіпсіз әрі ыңғайлы тасымалдау;
-
Ішкі рейстерге жеңілдетілген шарттар ұсыну;
-
Жүк тасымалына қолдау көрсету;
-
Қажет болған жағдайда чартерлік ұшулар ұйымдастыру.
Air Astana бұл серіктестік отандық спортты қолдауға және қазақстандық футболдың дамуына тың серпін береді деп сенеді.
