23 мау, 2025 сағат 09:36

Air Astana бүгін Дубай мен Дохаға жоспарланған рейстерін тоқтатты

Фото: ашық дереккөз

Таяу Шығыстағы қақтығыстың шиеленуіне байланысты Air Astana компаниялар тобы 23 маусымдағы кейбір рейстерін тоқтататынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ult.kz.

Олар мына рейстер:

▫️Атырау-Дубай-Атырау (КС191/192)
▫️Астана-Дубай-Астана (КС205/206)
▫️Алматы-Дубай-Алматы (КС897/898)
▫️Астана-Доха-Астана (КС655/656)

Air Astana әуе компаниясы одан әрі рейстерді тоқтатқан жағдайда қосымша хабарлайды.