20 нау, 2019 сағат 08:45

Аида Балаева: Біздің міндетіміз - Тұңғыш Президент ісін жалғастыру

ҚР Президенті Әкімшілігі ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі Аида Балаева ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан Республикасының Президенті ретіндегі өкілеттігін тоқтату жөніндегі шешіміне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Маңызды оқиғалар әр кезде аяқ астынан болып жатады! Әрбір адам өмірінің белгілі бір кезеңін осындай тағдыршешті сәтті ғана бағамдайтын болуы керек. Тағдырымыздағы Мемлекет басшысының орны жөнінде ойлана отырып, бүгінгі таңда әрқайсымыз осындай сәтті бастан кештік.

Өмірдің осындай кезеңдерінде Елбасының жолында кездескен қиын жағдайларды еске түсіріп, сол кездегі көңіл-күйді қайта бастан кешіргендей боласың.

Мемлекеттің болашағы, ел тағдырына қатысты тарихи шешімдер қабылданған сәттерді еске түсіргенде, Елбасының ауыр әрі ұзақ жұмыс кестесін ойлағанда ғана оның біздер үшін өмір сүргенін түсінеміз.

Біздің шаршауымыз бен алаңдауымыз Мемлекет басшысының жүктемесімен салыстырғанда түкке тұрғысыз.

Ұлт көшбасшысы осы жылдары аса күрделі кезеңде теңдікті сақтап, қиыншылық пен сынақтарды еңсере отырып біздің әрқайсымыз үшін аса ауыр жауапкершілік жүгін арқалап келді.

Өзінің данышпандығы және көрегендігінмен ол еліміздің даму бағытын ұзақ жылдарға белгілеп берді, соның арқасында біз болашағымыз үшін алаңдамаймыз.

Бүгінгі жастарға арнаған мәлімдемесі де оның ұлылығын және көрегендігін тағы да айқындай түседі. Осындай сәттерде де Президент ел болашағын ойлайды.

Сондықтан мен Елбасының идеяларына, Қазақстанның өсіп, өркендеуі үшін айқындаған бағытына адал боламын!

Елбасы маңызды стратегиялық лауазымдарда қала отырып, айқындалған бағыттың сақталуына кепіл болатындығы маған сенімділік сыйлайды.

Біздің міндетіміз - бірлікті сақтап, Тұңғыш Президент - Қазақстанның Тәуелсіздігінің негізін қалаушы ісін жауапкершілікпен жалғастыру.

Бұл - менің Президентім! Бұл - менің Елбасым!!!» - деп жазды Аида Балаева әлеуметтік желідегі парақшасында.